Қазақ хандары: Кім, қанша жыл билік құрды? Қазақ хандығын қай хан қанша уақыт басқарды? Ел билігіне кімнен кейін кім келді? Оқырман көкейіндегі осындай сұрақтарға жауап беру үшін төмендегі материалды назарларыңызға ұсынып отырмыз. 1465-1473 жж. – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473-1480 жж. – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы. 1480-1511 жж. – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы. 1511-1518 жж. – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы 1518-1523 жж. – Қасымның баласы Мамаш хан болды 1523-1532 жж. – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды 1533-1534 жж. – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды 1534-1535 жж. – Қожа Мақмұт хан болды 1535-1537 жж. – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан. 1538-1580 жж. – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы. 1580-1582 жж. – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды. 1582-1598 жж. – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды. 1598-1628 жж. – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі. 1613-1627 жж. – Тұрсын хан билігі. 1628-1652 жж. – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы. 1680-1715 жж. – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы. 1718-1726 жж. – Батырдың билігі. 1726-1730 жж. – Болат хан билігі. Болат – Тәуке ханның баласы. 1720-1740 жж. – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды. 1718-1748 жж. – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды. 1748-1786 жж. – Нұралы Кіші жүзге хан болды. 1791-1794 жж. – Ералы Кіші жүзге хан болды. 1795-1797 жж. – Есім Кіші жүзге хан болды. 1797-1805 жж. – Айшуақ Кіші жүзге хан болды. 1805-1824 жж. – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды. 1716-1719 жж. – Орта жүз ханы Қайып хан билігі. 1719-1734 жж. – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі. 1734-1771 жж. – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі. 1771-1781 жж. – Үш жүздің ханы Абылай билігі. 1781-1819 жж. – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі. 1815-1817 жж. – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі. 1841-1847 жж. – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы.